Сауда, көлік, тамақтану бойынша қызметтер құлдырады – Руслан Дәленов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауда, көлік, тамақтану бойынша қызметтер құлдырады – Руслан Дәленов

Сауда, көлік, тамақтану бойынша қызметтер құлдырады – Руслан Дәленов

Үкімет отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне тоқталды.

  • 14 Сәуiр 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнімнің өсуі 2,7% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,1% өсті. Жылдық инфляция 6,4% құрады. Экономиканың базалық салаларында көлік пен тұру және тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда, оң өсу байқалады. Құрылыс 11,7, байланыс қызметтері – 10,5, өнеркәсіп – 5,8, ауыл шаруашылығы – 2,5% өсті, — дейді министр. 

Оның айтуынша,  биылғы жылғы наурызда 2019 жылғы наурызбен салыстырғанда жекелеген салалар көрсеткіш төмендеген. 

Бұл сауда – 3,6, көлік – 4,7, тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 12,1 және қара металлургия көлемі – 13% азайды. Жалпы өнеркәсіптің өсу қарқыны 5,8% деңгейінде сақталды. 15 өңірде өсу байқалып отыр. Ең жоғары өсуді Қостанай және Ақмола облыстары көрсетті. Сонымен бірге 2 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл — Қызылорда және Жамбыл облыстары, — дейді Руслан Дәленов. 


Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлемдік экономика күрделі жағдайда. Халықаралық қаржы институттары коронавирусқа қарсы қорғану шараларының аясында жаһандық рецессияның байқалатынын және іскерлік белсенділіктің төмендігін атап өтті. Негізгі шикізат тауарларына коньюнктураның төмендегені байқалады.

Дегенмен жағымды жаңалықтарда бар. Өңдеу секторында 8,8% деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Бұл фармацевтика, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру және жеңіл өнеркәсіптегі қарқындардың артуымен негізделеді. Өңдеуде Жамбыл облысынан басқа барлық өңірлер оң серпін көрсетті. Жоғары өсу Қостанай, Атырау және Қызылорда облыстарында тіркелді, — дейді министр.

Соңғы жаңалықтар