Сауда нысанында болған оқыс жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауда нысанында болған оқыс жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сауда нысанында болған оқыс жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қостанайда сауда орталығында болған оқыс жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Естеріңізге салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын жөндеу жүргізіліп жатқан ғимаратта астыңғы қабатқа қарай құрылыс қалдықтары құлаған еді.  

  • 6 Тамыз 2014
  • 206
Фото - Caravan.kz


Абырой болғанда адам шығыны болған жоқ. Дегенмен үш тұрғын жарақат алыпты. Дәрігерлер олардың жағдайын қалыпты деп отыр. Ал сауда нысанының басшысы өзіне шаң жуытар емес. Бар кінәні құрылысшыларға артуда. Айтуынша, олар жөндеу жұмыстарына дүкен жабылған кезде кірісулері керек екен. Бірақ ерте бастап жіберіпті. Соның кесірінен орны толмас қайғылы оқиға бола жаздады. Қазір нақты кінәлілерді анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалған.