Сауда орталығында құлаған баланың анасы: Ұлым әкесінің қолынан түсіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауда орталығында құлаған баланың анасы: Ұлым әкесінің қолынан түсіп кетті

Сауда орталығында құлаған баланың анасы: Ұлым әкесінің қолынан түсіп кетті

Баланың анасы болған оқиғаға ешкімді кінәламайды.

  • 3 Қараша 2017
  • 365
Фото - Caravan.kz

Бүгін "Март" сауда орталығының үшінші қабатынан құлап кеткен баланы ауруханадан шығарды. Ауруханада екі жасар баланың анасы оқиғаны нақтырақ баяндап берді, — деп хабарлайдыZakon.kz тілшісі.

Анасының айтуынша, сол күні үлкен қызының туған күні болған екен, отбасыларымен бірге "Март" сауда орталығына келген. Эскалатормен түсіп келе жатқанда Айнұр екі айлық сәбиі мен баланың арбасын ұстап тұрған. Ал екі жасар ұлы әкесінің қолында болған. Бір сәтте арбаның дөңгелегі эскалаторға қысылып қалған. Анасы арбаны аударылып кете ме деп қорқып, дөңгелегін шығару үшін еңкейген. Күйеуі әйеліне көмектесемін деп ол да еңкейген. Сол кезде қалай екені белгісіз, бала төменге құлап кеткен.

Баланың анасы болған жағдайға ешкімді кінәлағысы келмейді.


Қазіргі уақытта баланың денсаулығына ата-ананың шағымы жоқ. Отбасында барлығы төрт бала: оның екеуі — ұл, екеуі — қыз.

Соңғы жаңалықтар