Сауда үйінде сайран салған егеуқұйрық жұртты шошытты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауда үйінде сайран салған егеуқұйрық жұртты шошытты (ВИДЕО)

Сауда үйінде сайран салған егеуқұйрық жұртты шошытты (ВИДЕО)

 Павлодарлықтар «Квазар» сауда үйінде ет сататын жерде жүгіріп жүрген егеуқұйрықтың видеосын ғаламторға жүктеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

  • 2 Тамыз 2016
  • 306
Фото - Caravan.kz

Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ирина Сорокинаның айтуынша, аталмыш жағдай прокуратура қызметкерлерімен талқылану үстінде. Сауда үйіне қандай бір айыппұл тағылады ма, жоқ па әлі белгісіз.

Видеода байқалғандай, егеуқұйрық адамдардың көбін шошытып, базарда еркін жүгіріп жүрген. Орта жастағы бір ер азамат оны аяғымен теуіп есінен айырған.

Айта кетерлігі, бұл видео түрлі әлеуметтік желілерде күн санап көптен қаралуда. Біреулер егеуқұйрықты тепкен азаматты сынға алса, енді бірі базарда тексеріс жүргізу керектігін немесе базарды жауап тастау керектігін жазған.



 

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр