Сауда үйіндегі жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген павлодарлық сотталды
![]() |
Павлодар қаласының №2 сотында ҚК 273 б. бойынша, яғни террористік акті туралы жалған ақпарат бергені үшін |
қылмыстық әрекетті жасауы бойынша павлодарлық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қылмыстық тергеу органымен аталған тұлға қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталып отыр.
Сотта азамат Б. мас күйінде бола тұра өзінің ұялы телефонын қолданып, Павлодар облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті кезекшілік бөлімшесінің жедел қызметі нөмірі - «112» оператор пультіне «Арай» сауда үйінің ішінде жарылыс құралы орнатылғаны жөнінде, яғни террорлық акті туралы жалған ақпарат берген.
2015 жылдың қараша айының 12 жұлдызында ҚК 273 бабы бойынша азамат Б. қатысты айыптау үкімі шығарылған.
Оған 2 жыл 6 ай мерзіміне жалпы режимді түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Азамат Б. ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығын шектелген. ҚК 60 бабы бойынша өтелмеген жаза мерзімі қосылып, жалпы режимдегі түзеу колониясында 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қазіргі уақытты сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін