Сәуір айында кинотеатрлардан көрсетілетін отандық фильмдер - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуір айында кинотеатрлардан көрсетілетін отандық фильмдер

Сәуір айында кинотеатрлардан көрсетілетін отандық фильмдер

Caravan.kz медиа порталы сәуір айында кинотеатрлардан көрсетілетін отандық фильмдерді назарларыңызға ұсынады.

  • 3 Сәуiр 2019
  • 95
Фото - Caravan.kz

Балуан Шолақ

Фильм сипаттамасы: Қазақ сал-серілерінің соңғы тұяғы, тарихта «Балуан Шолақ» деген атпен белгілі өзі балуан, әрі ақын әрі сері Нұрмағанбет Баймырзаұлы жайындағы фильмде ақынның ел басына қиын-қыстау күн туған шақта жасаған ерлігі баян етіледі. Сценарийдегі негізгі оқиға Омбы семинариясын үздік бітіргелі отырған Татьяна мен Балуан Шолақ екеуінің таудың басында үш күн, үш түн қалған кезінде өтеді. Фильм Балуан Шолақтың түрмеде жатқан туған-туыс, бауырларын босатып, қазақтың жерін өзіне қайтартып беруімен аяқталады.

Фильмнің режиссері: Нұргелді Садығұлов

Фильм 18 сәуірден бастап отандық кинотеатрлардан көрсетіледі.

Семьянин

Фильм режиссері: Фархат Кулбаев

Басты рөлдерде: Әбунасыр Серіков, Әсел Сәдуақасова

Фильм сипаттамасы: Мұхтар орта жастағы дағдарысқа тап болады. Қазіргі таңда оның қолында бары үйі, жұмысы және бірнеше несиесі. Мұхтар ертерек шаңырақ көтермегенімде бұдан да жақсырақ өмір сүрер едім деп ойлайды. Мұхтарға тағдыр үлкен сый жасап, ол қолында бәрі бар бизнесмен болып оянады. Бизнесмен болып оянғанымен, ол отбасынан айырылады. Оның отбасының иесі енді Мұхтардың жалғыз досы болмақ. Мұхтар әрі қарай не істемек? Ол әрі қарай қалай шешім шығарады?

Фильм 11 сәуірден бастап кинотеатрлардан көрсетіледі.


Карта мечты

Фильм режиссері: Мирас Төлеуханов

Басты рөлдерде: Тимур Камилов, Анели Айдар, Фариза Қазақбаева, Луина

Фильм сипаттамасы: Әмірде бәрі бар. Ақша, жұмыс, сұлу қыздар. Бірақ бір сәтті бәрі өзгеріп кетеді. Әмір әкесі темір торға тоғытылады, әкесінің бар мүлкі тәркіленеді. Барлығынан да айырылған Әмір өмір сүруді енді қайта бастауы керек.

Фильм 4 сәуірден бастап кинотеатрлардан көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар