Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің төмендеуі 2008 жылғы сәуірде төмендеуі ақша базасының 2,8% (немесе 44,7 млрд. теңгеге) тарылуына себепші болды.
Ағымдағы бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 2,7% (немесе 517,7 млн. долларға ) өсті.
Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу, Ұлттық банктегі үкіметтің шоттарына валютаның түсуі үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының төмендеуімен бейтараптандырылды.
Нәтижесінде, таза валюта қорлары (ЕАВ) 1 609,1 млн. долларға ұлғайды, алтын түріндегі активтер оның әлемдік нарықтарда бағасының 7,4% төмендеуі нәтижесінде 150,5 млн. долларға төмендеді.
Ағымдағы бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 7,6% (немесе $1 458,6 млн) өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті