Жарияланды: 150

"Сәуле" түрмесінен сәлем: Жуырда сотталған түркістандық журналист түрмеден хат жазды

"Сәуле" түрмесінен сәлем: Жуырда сотталған түркістандық журналист түрмеден хат жазды

Амангелді Батырбеков сот үкімімен бір айдан бері түрмеде отыр. 

Ол өзінің темір торда отырып жазған хатын әлеуметтік желіге жүктепті, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы. 

Сәуле" түрмесінен сәлем
Бүгін 28 қазан.
"Сәулеге" келгеніме тура бір ай болыпты.
"Дуалмен сөйлесіп жатқаныма" бір ай болды, алла сабыр берсін!
Соңғы жарияланған "Сәуле түрмесінде" деген постымнан, түрменің "курорт" емес екенін жақсылап тұрып ұғындыратын "карантинге" кіргенімді оқыдыңыздар.
Карантинге сол кіргеннен, ішкі тәртіптің талабына сай, 10 күн отырдым.
Сөйтіп, 8-ші қазан күні 3-ші қабаттағы "9-шы продол" немесе "осужденка" деп аталатын тек сотталғандар отыратын дәліздің 107 камерасына көтерді.
Осыдан 4 жыл бұрын дәл осылай жазықсыз қамалғанымда, қарсыдағы дәл осындай 4 адамдық, арестанттар "душ хата" деп атайтын, 106-шы камерада отырғам.
Камераға жайғасып алған соң мені қамаған заң бұзушы судья Зәуре Алсееваның үкіміне апелляциялық шағым жазуға кірістім.
Я, айтпақшы, мені өз еріктерімен тегін қорғауға, білімді хәм білікті, Шынар Ермекова және Болат Сыдықов деген екі адвокат белсене кірісіп кеткен.
Шынар Ермекова – "С-ИНФОРМ" газетіміздің орыс тіліндегі бетінде көтерілген бірнеше мәселелерге мұрындық болған Англияда 10 жыл оқыған, ағылшын және орыс тілінде судай ағып тұрған – мен білетін, Шым қаладағы мықты адвокаттардың бірі.
Мені "Мой крестный отец" деп атайтын бостандықта.
Сол адвокатым Шынар Ермекова, менің қылмыстық ісіммен толық танысып, жәбірленуші Бахтияр Абдиев пен оның "керемет біледі" деп Жетісайдан жалдап әкелген адвокаты Гүлжан Абдухаликова екеуінің мені қамату жылысқы ойларымен, сотқа өткізген қорытындыларының "туалетная" бумага құрлы құны жоқ екенін анықтап шықты.
Шынардың адвокаттық сауалдарына ресми жауап берген, сол Шымкенттегі сот – сараптама филиалының директоры Д.Рабиловтың сөзіне қарасақ, менің Бахтияр Абдиевке қатысты фейсбуктегі жазбаларыма егер судья Зәуре Алсеева қаулы шығарса ғана сот – сараптамасы жасалуы керек екен.
Ондай қаулы табиғатта жоқ!
Яғни, судья Зәуре Алсеева жәбірленуші Бахтияр Абдиев пен адвокаты Гүлжан Абдухаликоваға "мыналарың заңсыз жасатылған" деп, әкелген сараптама қорытындыларын қабылдамай тастауы керек еді. Ал ол заң бұзушы қабылдағанымен қоймай, құдайдан қорықпастан, "осы сот сараптама қорытындысымен Батырбековтың жасаған қылмысы дәлелденеді" деп, мені заңсыз қаматып отырған жоқ па?! Бұны бір деп қояйық.
Екіншіден, жәбірленуші Бахтияр Абдиевтің адвокаты Гүлжан Абдухаликова менің фейсбуктағы жазбаларыма психологиялық – филологиялық сарптама жасауды сұраған. Және оған М.Мырзаева деген сарапшы маман "Бахтияр Абдиевті қорлау сөзі бар" деп, " психологиялық – филологиялық сот – сараптама қорытындысы" деп бадырайтып тұрып көрсетіп, жауапкершіліктен қорықпай, қолын қойып, мөрін басып беріпті.
Ал енді сол сарапшы маман М.Мырзаеваның басшысы Д.Рабилов менің адвокатым Шынар Ермековаға берген ресми жауабында: "Эксперт М.Мырзаевамен бұл сараптама бойынша психологиялық зерттеу мүлдем жүргізілмеген" – деп нақты көрсеткен.
Сонда адам қаншалықты оңбаған болу керек осындай заңсыз қорытындыны сотқа өткізіп жазықсыз жанды түрмеге қамату үшін?!
Егер, Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексі біздің Түркістан облысында жұмыс істейтіні рас болса, онда апелляциялық сот алқасы сол кодекстің "Сараптама тағайындау тәртібі" деп аталатын 272 бабы 1 бөлігі мен 5-ші бөлігінің талаптарына сәйкес бұл сот сараптама қорытындысын дәлелдемелер қатарынан алып, әжет хананың қоқыс салатын шелегіне лақтырып тастауы тиіс.
Я, ұмытып барады екенмін, анау Әсет Әссанди, Жүсіпбек Жанқарайев, Лайла Дарханбаеваларға сәлемімді жеткізіңіздерші, кәмпит беріп қойсаң құйрықтарын шапаттай қуанатын балдарға ұқсамай, сабыр сақтап, әліптің артын күтсін.
Табалауға үлгереді ғой әлі!",- депті жазасын өтеуші.

Еске салсақ, 23 қыркүйек күні Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты жергілікті «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбековты 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырған болатын. 

Сот Батырбековты Қылмыстық кодекстің «жала жабу» және «қорлау» бабымен кінәлі деп үкім шығарған. Нақтырақ айтқанда Амангелді Батырбековтің әлеуметтік желіде жариялаған бірқатар жазбасына арнайы сараптама жасап, оның қорытындысы бойынша «жәбірленуші Келес аудандық білім бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиевтің ар-намысына тиетін сөздер бар екені анықталған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін