Саясаттанушы: ДАИШ содырлары Қазақстанда теракті жасауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саясаттанушы: ДАИШ содырлары Қазақстанда теракті жасауы мүмкін

Саясаттанушы: ДАИШ содырлары Қазақстанда теракті жасауы мүмкін

Саясаттанушы соңғы екі жылда Қазақстанның кейбір облыстарында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасалғанын да атап өтті.

  • 13 Желтоқсан 2017
  • 279
Фото - Caravan.kz

Сириядан шығарылған ДАИШ-тықтар Ауғанстанның солтүстігінде, Өзбекстан мен Түркменстан арасында жаңа жаттығу лагерлерін құрды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Франс Пресс-ке сілтеме жасап.

Орта Азия елдеріндегі ушыққан жағдай турасында отандасымыз саясаттанушы Максим Казначеев әзірбайжандық Haqqin.az порталына сұхбат берді.

— ДАИШ содырларының Өзбекстан мен Түркменстанға басып кіру қаупі жоғарылай түсті. Содырлар өткен жылы-ақ Ауғанстанның солтүстігіне жинала бастаған. Онда этникалық өзбектер мен түркмендер тұрады. Сондықтан содырлардың ортаға сіңісіп, жалған бет-перде жасауға мүмкіндіктері зор. Сириядағы жеңілістен кейін ДАИШ Орталық Азияны жайлауға тырысатыны бұған дейін де талай мәрте айтылды.

Сарапшылардың ойынша, Түркменстанға қауіп төніп тұр. Ауғанстанмен шектесетін Өзбекстан шекарасында Түркменстанмен салыстырғанда бақылау күшті. Себебі шекара Амудария өзенімен жалғасып жатыр. Ал Түркменстан мен Ауғанстанның ортасы шөл даламен бөлінген.

Түркменстан және Өзбекстанның қорғаныс күші Ауғанстандағы жағдайды жіті назарына алған. Солтүстік Ауғанстан мен Кабулдағы билік бақыламайтын аудандарды содырлардың басып алу қаупі жоғары.

— Солтүстік Ауғанстан ДАИШ үшін ашық алаңға айналды. Сондықтан Ташкент пен Ашхабад антеррористік қызметін күшейтті. Бастапқы кезде-ақ ДАИШ қатарында Орта Азия тумалары көп екені белгілі болған. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Сирияда 300-ге жуық қазақстандық соғысқан. ДАИШ-тықтар Қазақстанның кейбір жерлерін басып алуға қауқары жетпейді десек те, теракті жасауы мүмкін, — дейді сарапшы.  


Саясаттанушы соңғы екі жылда Қазақстанның кейбір облыстарында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасалғанын да атап өтті. Үкімет террористік топтардың жолын кесу үшін барын салуда және Жақын Шығыстан келген содырларды жіті бақылауда ұстайды. Астана оңтүстіктегі көршіміздегі жағдайды қадағалап отыр. Олар соққыны алғашқылардың бірі болып қабылдауы мүмкін. Қазақстан оларға көмектеседі. Террористерді тоқтату үшін күштерді біріктіру қажет.

Соңғы жаңалықтар