Саясаттанушы: Түркия елшісінің мәлімдемесі оған абырой әпермейді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саясаттанушы: Түркия елшісінің мәлімдемесі оған абырой әпермейді

Саясаттанушы: Түркия елшісінің мәлімдемесі оған абырой әпермейді

 

  • 1 Тамыз 2016
  • 612
Фото - Caravan.kz

Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык өткен аптада ресми Анкараның Астананың еліміздегі қазақ-түрік лицейлеріне қатысты шұғыл шешім қабылдауын күтіп отыр деп мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, бұл оқу орындарына белгілі ғалым Фетуллах Гүленнің қатысы бар. Ал оны аталған Түркия билігі жақында бола жаздаған әскери төңкерістің басты ұйымдастырушысы деп есептейді. Сондықтан ондағылар Орталық Азиядағы Гүлен ашты деп санайтын лицейлер мен мектептерді жапқызбақ ойда.  

Осыған байланысты Matritca.kz белгілі саясаттанушы Айдос Сарымның пікірін сұраған.

«Мен мұндай мәлімдемелерге теріс қараймын. Бұл мәлімдеме елші мырзаға абырой әпереді деп ойламаймын. Менің білуімше, ол алғаш рет осындай белсенділік танытып, арнайы бифинг өткізіп отыр. Оның бұлай сөйлеп, Қазақстанның ішкі шаруасына араласуға хақысы жоқ. Ал қазақ-түрік лицейлері екі ел арасына дәнекер болып, халықтардың жақындасуына әлдебір пиар-акциялардан да артық әсер етіп отыр» дейді А.Сарым.

Айта кетейік, өткен сенбіде еліміздің білім және ғылым министрлігіндегілер Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлерінің жұмысы жалғаса беретінін, ондағы балалар мен олардың ата-аналарының алаңдауына еш негіз жоқ екенін мәлімдеді.     


Соңғы жаңалықтар