Саят Медеуов депутат болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саят Медеуов депутат болып сайланды

Саят Медеуов депутат болып сайланды

Жұртшылыққа танымал әнші Саят Медеуов Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланды деп хабарлайды 

  • 19 Сәуiр 2017
  • 731
Фото - Caravan.kz

Жұртшылыққа танымал әнші Саят Медеуов Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Елімізде соңғы жылдары елеулі өзгерістер орын алуда. Спорт пен өнер саласында жүрген біршама азаматтар сайлауға түсіп, депутаттық мандатқа сайланып жатыр. Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігі Саят Медеуовтің депутат болуын өз кезегінде растап отыр.

Белгілі болғандай, елімізге танымал әнші Саят Медеуов Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып тағайындалды.


“Сайлау, негізінен, 26 наурыз күні өтті. Сол кезде Саят Медеуов жаңа қызметке тағайындалып, осы уақытқа дейін ауданымызда болған түрлі ресми іс-шараларға қатысып жүр”, – деп мәлімдеді Алматы облысы, Қарасай ауданы Мәслихат аппаратының басшысы Қордай Орынбайұлы.

Соңғы жаңалықтар