Саят Медеуов желіге ішкен-жегенін салатын әріптестерін сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саят Медеуов желіге ішкен-жегенін салатын әріптестерін сынға алды

Саят Медеуов желіге ішкен-жегенін салатын әріптестерін сынға алды

Саят Медеуов әлеуметтік желіге ішкен-жегенін салып, күнін әрең көріп отырған елді қызықтыратын әріптестерін сынға алды. Әншінің айтуынша, ішкен тамағы мен қыдырған жерін көрсету барып тұрған әдепсіздік. Бұл туралы Медеуов Алматы арнасының "Таңғы студио" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

  • 27 Желтоқсан 2021
  • 57
Фото - Caravan.kz

"Дастархан басында суретке түсіп, салып қою маған әдепсіздік болып көрінеді. Біреу аш отыр, біреудің торт алуға, ал енді біреудің нан мен қант алуға мүмкіндігі жоқ. Қазір жағдайы жоқ болса да, адамдар телефон алады.

Сондай дүниеге абай болу керек. Мен шетелде жүрмін, қыдырып жүрмін, ақша тауып жүрмін деген нәрселер біреудің зығырданын қайнатады, өкпесін туғызады. Қазақстанның әдемі жерлерін көрсетуге келісемін. Ал енді ішкен-жегенімізді көрсету әбестік деп ойлаймын", — деді әнші.

Бұдан бөлек, өнер иесі қазіргі жастар орындап жүрген әндерге күйінді. Өнер иесінің айтуынша, экранға шығып жатқан туындыларды сүзгіден өткізу керек.

"Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтың кері келіп тұр. Әніне кінә тақпай-ақ қояйын, сөзінің мағынасы жоқ әндер көбейіп кетті. Оларды шегелеу керек. YouTube-қа шығып кетеді, оларға шек жоқ, дейді. Шек қоюға болады.

Мысалы, менің бір жаман дүниемді көретін болса, билікте, мәдениет саласының жоғарғы жағында отырғандар: "Мына әнді тағы айтсаң, пәлен айыппұл төлейсің. Уақытына қараймыз, егер тағы айтсаң, 20 күнге болмаса 1 жылға қамаласың", десе, мен ол әнді екінші жаздырмаймын. Біздің әнге де сүзгі қою керек. Түкке тұрмайтын сөзі бар, боқауызы бар әндер бар. Қазір экранға шығарып, бүлдіршіндерді бұзып жатыр. Кім не айтқысы келеді, соны айтатын болды", — дейді Медеуов.


Соңғы жаңалықтар