Сбербанк басшысы таяу 10 жылдағы мұнай бағаларының «шынайы» диапазонын атады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сбербанк басшысы таяу 10 жылдағы мұнай бағаларының «шынайы» диапазонын атады

Сбербанк басшысы таяу 10 жылдағы мұнай бағаларының «шынайы» диапазонын атады

Он жылдың ішінде мұнай бағасы бір баррель үшін 50-55 доллар деңгейінде тұрақтай алады.

  • 25 Қыркүйек 2015
  • 525
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ресей Энергетика министрлігінің жанындағы қоғамдық кеңестің аясында Сбербанк президенті Герман Греф мәлімдеді, деп хабарлайды РБК.

«Егер мұнай бағасы он жыл бойы 40-50 доллар деңгейінде тұра алса ше? 40 доллар болатынына сенбеймін, бірақ 50-55 доллар болуы әбден мүмкін. Осындай сценарий орын ала алады», — деді Греф.

Сонымен бірге ол РФ Энергетика министрлігін стратегиялық көрсеткіштерді жоспарлауда мұнай бағасы бойынша оптимистігі бұдан да аз болжамдарды есепке алуды шақырды. Ол мұнай баррелінің 47 доллар бағасы кезінде биліктің оның 70-80 доллар тұратыны туралы айтуын «проблема» деп атады. 


Соңғы жаңалықтар