Бірнеше сағат бойы әуежайдың транзит аймағында қалып қойған жолаушыларды әуе компаниясы ыстық тамақ, қонақ үймен қамтамасыз етті. Бұл жайында SCAT әуе компаниясының ресми өкілі Виктория Ульянова мәлім етті. Еске сала кетейік, бүгін Шымкенттен Анталияға бет алған SCAT әуе компаниясының чартерлік рейсінің 200-ден астам жолаушысы транзиттік аймақта қалып қойған болатын.
Виктория Ульянова, SCAT компаниясының ресми өкілі:
— Әуе кемесін ұшуға дайындау кезінде басқару руліндегі ақауды байқадық. Қазір инженерлік-техникалық топ жұмыс істеп жатыр.