SCAT төтенше жағдай кезінде орындалмаған рейстердің ақшасын жолаушыларға қайтарып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
SCAT төтенше жағдай кезінде орындалмаған рейстердің ақшасын жолаушыларға қайтарып берді

SCAT төтенше жағдай кезінде орындалмаған рейстердің ақшасын жолаушыларға қайтарып берді

SCAT әуекомпаниясы Қазақстан аумағында Төтенше жағдай режимі жарияланған кезде 3000-ға жуық рейсті тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл шамамен, 98 мың билет.

  • 3 Қыркүйек 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz


«Әуекомпания тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыра алмағандықтан, жолаушылардың ақшасын кері қайтару процесін ішінара тоқтатуға тура келді. Қазір әуекомпанияға жүгінген жолаушылардың барлық өтініші қанағаттандырылды. Егер қандай да бір себептермен ақша қайтарылмаса, билетті сатып алған жерге хабарласыңыз. Біз ТЖ кезінде тоқтатылған рейстердің ақшасын кері қайтарып беруге 100% кепілдік береміз», — делінген SCAT әуекомпаниясы таратқан ресми хабарламаада.