Сэвол» кемесінің із-түссіз кеткен жолаушыларын іздеу жұмыстары тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сэвол» кемесінің із-түссіз кеткен жолаушыларын іздеу жұмыстары тоқтатылды

Сэвол» кемесінің із-түссіз кеткен жолаушыларын іздеу жұмыстары тоқтатылды

 Іздеу-құтқару операциясының штабы Оңтүстік Кореяда суға батқан "Сэвол" паромында іздестіру жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдады.

  • 10 Қараша 2014
  • 389
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Чосон ильбо" газеті жазады, деп хабарлайды ТАСС.

Оның мәліметінше, әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалған болып есептелетін тоғыз жолаушының жанұясы биліктің мұздай судың астында жатқан паромда іздестіру жұмыстарын жалғастыру мүмкін емес деген пайымымен келісті.

Су астындағы іздеу жұмыстарына тартылған жеке компаниялардың қызметкерлері жұмысты тоқтатып, 2 мұхит баржасын алып шығуға бел буды. Бұл баржаларсыз Оңтүстік Кореяның әскери-теңіз күштерінің және жағалаудағы күзет қызметінің сүңгуірлерінің іздеу жұмыстарының тиімділігі төмендейді.

Билік өкілдері жеке компанияларды іздестіру жұмыстарын жалғастыруға көндіре алмады. Фирма басшылықтарының айтуынша, ендігі іздеу жұмыстары нәтиже бермейді, деп жазады басылым.


Естеріңізге сала кетейік, бортында 476 жолаушысы мен экипаж мүшелері бар «Севол» кемесі 16 сәуір күні Корей шығанағының оңтүстік-шығыс бөлігінде батып кеткен болатын. Құрбан болғандар саны 295 адам, ал тағы 9 жолаушы әзірге із-түссіз кеткендер санатында.