Сейітқазы Матаевтың «Қазақтелекомнан» қалай ақша «ұрлағаны» белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сейітқазы Матаевтың «Қазақтелекомнан» қалай ақша «ұрлағаны» белгілі болды

Сейітқазы Матаевтың «Қазақтелекомнан» қалай ақша «ұрлағаны» белгілі болды

Сейітқазы Матаев журналистік ортадағы атақ-беделін пайдалану арқылы «Қазақтелеком» АҚ жарнамаларын БАҚ беттеріне жариялауда жеңілдіктер жасатып, осылайша, жарнамалық материалдың жазылуы мен жасалуына еш қатысы болмаса да акционерлік қоғам төлеген қаржының 50 пайызын өз қалтасына басып отырған.

  • 22 Қыркүйек 2016
  • 457
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сейітқазы мен Әсет Матаевтардың ісі бойынша Астанада өтіп жатқан сот отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Сот талқылауы барысында «Қазақтелеком» АҚ басқарма мүшесі, стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетажиев конкурстық өтінімдер бағасы баспасөз басылымдарының прайс-листтері негізінде емес, «ҰБК» ҚБ нұсқауымен әзірленіп отырғанын, оны Сейітқазы Матаевтың өзі дайындап отырғанын мәлім етті. Алайда «ҰБК» ҚБ баға көрсеткіштері баспасөз басылымдары бекіткен прайс-листердегі бағадан жоғары болған.

Осы орайда Батыр Маханбетажиев орындалған жұмыстар актісін тексермегендігін мойындады. Оны маман Сейітқазы Матаевтың адамгершілігіне сенгенімен түсіндірді. Нәтижесінде жарнамалық қызметтің құны қымбат бағамен көрсетілген.

Сонымен қатар бүгін басты сот талқылауы барысында айыптаушы тарап Сейтқазы Матаевтың үш жыл бойы «Қазақтелеком» АҚ бюджетінен ірі көлемдегі қаржыны қалай жылыстатып отырғанын жария етті.

Сотталушының өзі айтқандай, «Қазақтелеком» тендерлерін үнемі жылдың екінші жартысында жариялайтын. Яғни, жылдың бірінші жартысында акционерлік қоғам жарнамалық материалдарын ҰБК көмегінсіз орналастырып келген. 2011-2013 жылдар аралығында «Ұлттық баспасөз клубы» ҚБ жыл сайын телекоммуникациялық саясатты жүргізу қызметіне ие болып, тендерді үнемі жылдың екінші жартысында ұтып отырған.

«Жылдың басында «Қазақтелеком» газет редакцияларымен өздері байланысып, ақысын кейін төлейміз деген келісіммен жарнама модульдерін жариялайды. Жылдың екінші жартысында біз тендерді ұтқанда «Қазақтелеком» ауызша келісіммен жарнама жариялағандарын айтып, ақысын келісімшарт аясында төлеуді сұрайтын», — деп айтып берді Сейітқазы Матаев.


Жарияланған материалдардың ірі көлеміне байланысты БАҚ редакциялары газет-журналдарда жарияланған жанрама үшін Матаевқа жеңілдік жасап отырған, прайст-лист құнынан 30-50 пайыз төмен деңгейде. Осы жеңілдіктер арқылы өндірілген ақшаны жұмыс барысын ұйымдастыру үшін деген сылтаумен С.Матаев өз қалтасына басып отырыпты.

Бір қызығы, тергеу барысында белгілі болғандай, Сейітқазы Матаев жалпы алғанда бір жарым жыл бойы «Қзақтелеком» АҚ жарнамалау жұмысына еш қатысы жоқ болса да, қалыптасқан дәстүр бойынша редакциялық жеңілдіктерден түскен айырмашылықтарды әдетінше өзіне алып келген.

Осылайша, үш жыл деп келісілгеніне қарамастан, «Қазақтелеком» АҚ жарнамалық-ақпараттық материалдарын жариялау жұмысын бір жарым жыл бойы Қазақтелекомның өз қызметкерлері атқарып келген. Ал акционерлік қоғамның осы мақсатқа бөлген қаржысының 30-50 пайызы Сейітқазы Матаевтың қалтасына кетіп отырған.

Соңғы жаңалықтар