Секіріп тұрып шпагат жасаған Сәкен Майғазиев елді таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Секіріп тұрып шпагат жасаған Сәкен Майғазиев елді таңғалдырды

Секіріп тұрып шпагат жасаған Сәкен Майғазиев елді таңғалдырды

Спортқа жаны құмар әншілердің көшін Сәкен Майғазиев бастап тұр.

  • 13 Шiлде 2018
  • 174
Фото - Caravan.kz

Өнер иесі қолы қалт етсе, салауатты өмір салтын насихаттайды. Бос уақытында әншілер футбол командасында өнер көрсететін ол ара-тұра желіде спорттық эстафеталар ұйымдастырып отырады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігінің тілшісі.

Сондықтан болар, бүгінде 40-тан асқан Майғазиев шапшаңдығымен, сымбаттылығымен жас жігіттердің өзін шаң қаптырып кетеді.

Сәкеннің ел білмейтін тағы бір өнері бар. Ол секіріп тұрып “шпагат” жасай алады.

Осыдан бірер апта бұрын әнші 40 жасында ауада “шпагат” жасаған суретін жариялаған еді. Қызу талқыға түскен бұл сурет жұртты таңғалдырмай қоймады.

Бұл орайда желі оқырмандары: “Қазір де дәл солай жасай аласыз ба?” – деп қызығушылық танытқан көрінеді. Майғазиев қолынан келетін “трюкті” тағы бір мәрте қайталап, оқырмандарына көрсетті.


“Қазір де 40 жасыңыздағыдай секіре аласыз ба? ” деген жандар үшін. АллаҺ тағала өмір берсе, 50-де де секіру ойда бар”, – деп бөлісті ол.

Бұл орайда жанкүйерлері әншінің қылығына таңданып, мықты денсаулық тіледі. Әріптесі Бағлан Әбдірайымов болса: “100 жасқа келіп те жасаңыз”, – деп ақ тілегін жолдады.

Соңғы жаңалықтар