"Секс не үшін қажет?": Белгілі журналист жыныстық қатынас туралы сөз етті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Секс не үшін қажет?": Белгілі журналист жыныстық қатынас туралы сөз етті

"Секс не үшін қажет?": Белгілі журналист жыныстық қатынас туралы сөз етті

Белгілі журналист Әсел Ергешқызы жыныстық қатынасы адамға не үшін қажет деген сауалдың жауабын іздеді.

  • 31 Шiлде 2019
  • 11257
Фото - Caravan.kz

Ол өзінің "Жабық тақырып" деп аталатын Youtube-каналында ер адамның "жыныстық актінің соңына дейін жетпеуіне" не себеп деген тақырыпта дәрігермен ашық сұхбат жүргізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналист төсек қатынасына байланысты ер адамдардан өзіне толассыз хат келетінін айтады. Сол себептен ол кісілерге көмектескісі келгенін жеткізген. 

«Секс ең біріншіден әйел мен еркектің ара-қатынасын жақсарту үшін керек. Екіншіден, секс ол – үлкен антидепресант. Мысалы, кейде ұрысқақ, әр нәрседен проблема іздейтін әйелдерді кейбіреулері «күйеуі жоқ болу керек» деп айтып жатады. Сол сияқты антидепрессант болған адам ашуға ешуақытта бой бермейді. Көп проблемалар әсер етпейді. Адам сабырлы болып жүреді. Үшіншіден, секс – иммунитетке де көмектеседі. Аптасына ек-үш рет жыныстық қатынасқа түсіп отырған еркектердің иммунитеті көбейіп, тұмауға секілді ауруларға қарсы төзімділгі жақсарады екен», — деді танымал уролог, андролог дәрігері Ернұр Исабекұлы.

Дәрігер аптасына екі-үш күн төсек қатынасына түсіп тұруға кеңес берді. Әсел Ергешқызы бағдарлама барысында жабық тақырыпты қозғағаны үшін өзіне сын айтатындар көп екенін айтты. Сондай-ақ, танымдық бағдарлама екенін де көрермендерге ескере кетті. Ол ғана емес, дәрігердің адамдарды жыныстық қатынасқа бей-берекетсіз, некесіз түсуге үгіттеп отырмағанын алға тартты. 


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әсел Ергешқызы эфир адында мүшеқапты ашып көрсетемін деп, жұрттың сынына қалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар