Жарияланды: 510

Сел тасқыны кезінде көрсеткен еңбегі үшін 12 жасар ерікті Диас Әубәкіровке Алматы әкімдігі велосипед сыйлады

Сел тасқыны кезінде көрсеткен еңбегі үшін 12 жасар ерікті Диас Әубәкіровке Алматы әкімдігі велосипед сыйлады

Алматы әкімдігі сел тасқыны кезінде көрсеткен еңбегі үшін 12 жасар ерікті Диас Әубәкіровке сыйлық сыйлады.

Бүгін қалалық Ішкі істер басқармасының басшысы Санжар Боқаев жас еріктіге қала әкімінің алғыс хатын ұсынып, велосипед табыстады.

«Оның көрсеткен азаматтық позициясына, әлеуметтік жауапкершілігіне  ризашылығымызды білдіріп, сыйлық беріп жатырмыз. Балаға сыйлық қатты ұнады. Өйткені, оның велосипеді бұзылып қалған екен. Сондай-ақ, осындай баланы тәрбиелеп жеткізген ата-анасына үлкен рахмет», - деді Санжар Боқаев Фейсбуктағы парақшасында.

Оның айтуынша, сел қалдықтарын тазалауға жергілікті халыққа қол ұшын созған өзге еріктілер де жақын күндері алғыс хатқа ие болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін