Селфи - психикалық ауытқушылық - АҚШ психиатриялық ассоциациясы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Селфи - психикалық ауытқушылық - АҚШ психиатриялық ассоциациясы

Селфи - психикалық ауытқушылық - АҚШ психиатриялық ассоциациясы

Америкалық психиатриялық  Adobo Chronicles ассоциациясының  басылымында мобильді телефонның көмегімен жасалған автопортретке  құштарлықты психиканың бұзылуы деп тапты.

  • 1 Шiлде 2014
  • 1508
Фото - Caravan.kz

Көптеген ғалымдар мен дәрігерлер «селфиге» тәуелді  адамдардың денсаулығына алаңдаушылық білдіруде.

«Селфиге» құштарлық ресми түрде адам психикасының  ауытқушылығы деп  табылды.  АҚШ психиатриялық ассоциациясы  осындай  тұжырымға келді деп жазады «таңғажайып»  жаңалықтарымен танымал   Adobo Chronicles басылымы.

Ассоциация, аталмыш басылымның айтуынша,  жаңа дерттің атын жариялапты  — Чикагодағы selfies.

Сонымен,  selfies – обессивтік-компульсивтік бұзылу  ( латынша obsessio — «қоршау», «меңдету, қамтыту»,  obsessio — «құлай берілу, барын салу» және  латынша  compello — «мәжбүрлеймін», латынша compulsio — «ықтиярсыз көндіру»), яғни үнемі өзін суретке түсіріп, оны әлеуметтік желілерге салып отыру, сөйтіп өзіне жетіспеген құрмет-қошаметтің  орын толтыру.

Мақалада жазылғандай, қазір selfies  дертінен емдеудің әдісі жоқ. Алайда Global Trend News порталының бір қолданушысы осы мақалаға жазған пікірінде өз ұсынысын айтқан екен: мобильді телефонның көзін құрту керек.

Дегенмен аталмыш құбылыстың табиғаты мен оның адамға әсері соңғы жылдары кең етек жаюда. 


Mirror
  басылымы осы жылдың наурыз айында 19 жастағы Дэнни Боуманның басынан кешкен оқиғасын жариялаған. Ол күніне өзін 200 рет фотоға түсіріп, келбетіне көңілі толмай, ақыр соңында өзіне қол салмақ болған. Кейін Дэнниге обессивтік-компульсивтік ауытқушылық деген диагноз қойылды.

"Бұл — өте үлкен проблема", — дейді  психиатр Дэвид Вэйл.

Оның айтуынша, психиатрдың қабылдауына келген үш пациенттің екеуінің проблемасы  — заманауи технологияның дамуынан туындаған.

2013 жылы Анн-Арбордағы  Мичиган  университетінде жүргізілген зерттеу бойынша,  35 жасқа дейінгі студенттер нарциссизмнан ең көп балл жинаған. Яғни олар "селфиді"  Facebook және Twitterге  салудан алдына жан салмағандар.

"Селфиге"  деген құштарлық Тайланд денсаулық сақтау саласының мамандарын да мазалап отыр.

"Жарияланған фотосына тым көп уақыт бөлу, оны бақылап отыру, кімнің қарағанын, кімнің қандай пікір жазғанын, сондай-ақ қанша  "лайк"  қойылғанын қадағалау – бұл  тіпті үлкен проблеманың белгілері", —  деп санайды  Тайландтағы Психикалық денсаулық сақтау департаментінің маманы.

Дәрігердің ойынша, аталмыш мәселе болашақта адам миында проблема тудыруы мүмкін, — деп жазады РИА Новости сайты.