Селфи жасамақ болған 18 жасар бойжеткен өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Селфи жасамақ болған 18 жасар бойжеткен өртеніп кетті

Селфи жасамақ болған 18 жасар бойжеткен өртеніп кетті

Румынияда екі бойжеткен пойыздың үстіне мініп, фотосуретке түсу үшін

теміржол стансасына барды. Оның төбесіне шыққан бойжеткендердің бірі абайсызда ая?

  • 16 Мамыр 2015
  • 463
Фото - Caravan.kz


теміржол стансасына барды. Оның төбесіне шыққан бойжеткендердің бірі абайсызда аяғымен электр сымын қозғап қалған, деп хабарлайды Еuromag.ru.

Соның салдарынан 27 000 вольттық кернеу алған ол бірден отқа оранды. Тоқ кернеуі тиген оның 17 жасар құрбысы пойыз төбесінен жерге құлап түскен.

Сол кезде жақын жерден ер адам өтіп бара жатқан. Ол киімі өртеніп жатқан бойжеткенді апаттық қызметтердің келуіне дейін құтқаруға асығып, пойыздың үстіне шыққан. Бірақ бойжеткенді аман алып қалу мүмкін болмады: денесінің 50 пайыздан астамын күйік шалған ол ауруханада көз жұмды. 

Оның құрбысы да ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.