"Семей мен ШҚО-ны бөлу идеясын қолдаймын, бірақ қазір емес": Саясаттанушы облысты неге бөлуге болмайтынын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Семей мен ШҚО-ны бөлу идеясын қолдаймын, бірақ қазір емес": Саясаттанушы облысты неге бөлуге болмайтынын түсіндірді

"Семей мен ШҚО-ны бөлу идеясын қолдаймын, бірақ қазір емес": Саясаттанушы облысты неге бөлуге болмайтынын түсіндірді

ШҚО-ны бөлу немесе Семей облысын жеке облыс жасау дәл қазір мүмкін емес екенін жас саясаттанушы Асхат Қасенғали айтты.

  • 7 Қыркүйек 2020
  • 68
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ойын ол әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы 

Өскемен халқының саны 333 мың, оның ішінде 51% орыс, 45% қазақ бар екен. Яғни орыс қаласы деуге болады. Ол 45% қазақтың қаншасының бүйрегі "орыс әлеміне" бұрып тұрғанын білмедім.

Жалпы Өскемен сепаратизм қаупі бар аймақ. 1994 жылы 10 мың орыс халқының өкілі қалада митинг жасап, орыс тіліне мемлекеттік тіл статусын беруді, орыс автономиясын құруды сұрады. 1999 жылы қарашада Өскеменде "қарулы көтеріліс жасамақ болды" деген күдікпен 22 азамат ұсталды. Оның 12-сі Ресей азаматы болатын. Жалпы осындай сепаратистік қадамдардан кейін бірінші президент Н.Назарбаев Семей облысы мен Шығыс Қазақстан облысын қосып, үлкен ШҚО жасалды. Семей облысында қазақ басым, ал ШҚО-да орыс басым болатын. Қосып, орталықты Өскемен қаласы еткен соң, әкімшілік орталықтар мен күштік құрылымдар Өскеменге топтасты. Яғни менің ойымша ең алдымен осы сепаратизмді ауыздықтау үшін жасалды.

 Ол кезде "Лад", "Орыс қауымдастығы" деген атышулы ұйымдар белсенді еді. Қазір енді Өскеменде көше атауы, саябақ атауы қазақшаланса бұрқ-бұрқ ететін орыстар жетерлік, бірақ 90-жылдардағыдай арынды емес. Талай болдым Өскеменде, әлі де қазақты үйіп-төгу керек. Табиғаты тамаша қала, қандастарды топтастырып, үй мен жұмыс берсе болды. Семей мен ШҚО-ны бөлу керек деген идеяны қолдаймын, бірақ қазір емес. Әлеуметтік мәселе маңызды әрине, дей-тұра мемлекет тұтастығы бәрінен жоғары. Өскемендегі қазақ санын 75% жасайық, сосын бөлуге болады облысты. Оған дейін ине үстінде отырғандай боламыз.


Соңғы жаңалықтар