Жарияланды: 1200

Семей мешітінде мұсылмандарға ас беруге арналған хатымхана ашылды

Бір минаретті Семей мешітінде мұсылмандарға ас беруге арналған хатымхана ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семейдің бас имамы Нұржан қажы Арыстанбекұлы хабарлады.

Қажының айтуынша, қазір әруақтарға арнап құран бағыштап ас беру шаралары мейрамханалар мен кафелерде өткізіліп жүр. Бұл жерлерде түнде Алладан тыйым салынған жынды судың ішілетініне қарамастан таңертең құран оқылып үлкен күнәға жол берілуде. Сол себепті, имамның айтуынша, мешіттің жанынан ашылған хатымхана таза мұсылмандық ас беру шараларына ғана арналмақшы. Хатымхана залы 300 адамға есептелген. Залдағы ыдыс-аяқтан бастап барлық дүние тек қана ас беру шарасына бағышталады дейді имам. Ас беру шарасына арналған дастархан мәзірін әзірлеп, мешітте жатып, 5 уақыт намазын оқитын адамдар арнайы Ташкенттен шақырылыпты. Ас беру шарасына арнап тағам дайындайтын адамдардың өзі таза болуға тиіс деді имам. Хатымхана үйі Семейлік бір кәсіпкердің қайырымдылық көмегімен салынған. Сондай-ақ, ол өз қаржысына ірге тасы қаланғалы 150 жыл бойы жөндеу көрмеген Семей мешітін күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отырған көрінеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть