Семей өңірінде 2008 жылы бүгінгі заманға сай жеті мал -дәрігерлік зертхана салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей өңірінде 2008 жылы бүгінгі заманға сай жеті мал -дәрігерлік зертхана салынады

Семей өңірінде 2008 жылы бүгінгі заманға сай жеті мал -дәрігерлік зертхана салынады

Семей. 2 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семей өңірінің жеті ауданында заман талабына сай мал-дәрігерлік зертханалар салынады. Бұл туралы "Республикалық мал- дәрігерлік зертханасы", Семей филиалының РМҚМ директоры Болат Гизатов хабарлады.

  • 2 Қараша 2007
  • 648
Фото - Caravan.kz

Оны ақпараты бойынша, жаңа зертханалар Аягөз, Үржар, Мақаншы, Борадулиха, Абралы, Шубартау және Жарма аудандарында салынады. ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің шешімімен құрылысқа арналған қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінеді.

Б. Гизатов атап өткеніндей, жаңа зертханалар ауру малдарды уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. » Бұл біздің басты мақсатымыз. Осындай құрал-жабдықтар арқылы мал дәрігерлік қызметі, шұғыл түрде түрлі дерттің алдын алып, зертхана адамдардың азық -түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, мал өнімдерін ешбір сақтықсыз пайдалуға жол ашады.

«Әрбір мал-дәрігерлік зертханада заманға сай қымбат ПЦР-полимераздық реакциялы қымбат жабдық орнатылады. Ол арқылы инфекцияны генетикалық деңгейде зерттеп, қорытынды шығаруға болады. Әзірге өңірде мұндай аппарат Семей және Өскеменде орнатылған» деп хабарлайды Б.Гизатов.

Мал -дәрігерлік зертханалар қажетті көлік тұрақтарымен, патологиялық зиянды қалдықтарды құртатын беккери-шұңқырларымен жабдықталады.

Зертхана құрылысын аяқтау мерзімі 2008 жылдың күзінде жоспарланған деп хабарлады Б. Гизатов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті