Семей өңірінде коронавирусқа қарсы құрбандық шалынды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей өңірінде коронавирусқа қарсы құрбандық шалынды

Семей өңірінде коронавирусқа қарсы құрбандық шалынды

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жалғызтөбе ауылында коронавирус індетіне қарсы құрбандық шалынды.

  • 15 Сәуiр 2020
  • 596
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Жалғызтөбе ауылының бас имамы Тоқтарбаев Саяттың бастамасымен, ауыл тұрғындарының жинаған қаражатына екі ірі қара мал құрбандыққа шалынды. Нәтижесінде, әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты аналар мен мұқтаж қырық отбасыға таратылып берілді.

Жалғызтөбе ауылының мешіті
Жалғызтөбе ауылының мешіті
 
 
 

«Бәріміздің ниетіміз бір болып, Алланың қалауымен, ауызбіршілікпен іске асып отыр. Халқымызға төніп тұрған індеттен аман болсақ деп құрбандық шалып отырған жайымыз бар», — деп ауыл имамы елге алғысын айтты.

Құрбандыққа жиналған ақшадан артылған қаржыға баспанасы жоқ, пәтер жалдап тұрған, бес баласы бар жас отбасыға пәтер алу ұйымдастырылған. Осылайша, бас имам Саят мырза ауыл тұрғындарымен бірге сауапты істі жүзеге асырды.


 

Үйдің құжаттары бес баланың әкесі Болат есімді азаматтың атына рәсімделген. Халық үшін жұмыс жасап, ұйымдастырушылық танытқан ауылдың бас имамына, қаржы жинаған халыққа үлкен ризашылық-алғысын білдірген бес баланың әкесінің қуанышында шек болмады.

«Үй жанға толсын, қора малға толсын» деген тілекпен пәтер кілті табыс етілді.

 

 
 
Соңғы жаңалықтар