Жарияланды: 470

Семей өңірінде орманды қалпына келтіруге биыл 61 млн. теңге бөлінді

15-сәуірден 1-мамырға дейін "Семей Орманы" резерватына қарасты орман алқаптарының 600 гектарына қарағай көшеттері отырғызылады. Жас көшеттер 1996-1997 жылдары өртеніп кеткен жерлерге егілуде.

Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Семей Орманы" резерватының орманды қалпына келтіру бөлімінің бастығы Жұмағали Сағадиев хабарлады. Өткен жылы орманды қалпына келтіруге 22 млн. 900 мың теңге бөлінсе, биылғы жылы бұл мақсатқа бөлінген қаржы 61 млн. теңгеге жетті. "Белгіленген жұмысты ойдағыдай атқаруға материалдық-техникалық мүмкіндік бар. Жанар-жағар май, жұмыс күші жеткілікті"-дейді Ж.Сағадиев. Мамыр айында 6 гектар жерге қарағай тұқымы сіңірілмек. 2 жылдан кейін сол питомниктен 7 млн 200 мың көшет өсіп шығады. Семей орманшылары көшет отырғызылатын жер көлемін жыл сайын 200 гектарға ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін