Жарияланды: 570

Семей Орманы табиғи орман қорығына арнаулы автокөліктер берілді

Семей Орманы табиғи орман қорығы мемлекеттік басқармасының өртке қарсы күрес бөліміне арнаулы үш автокөлік берілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей Орманы табиғи орман қорығы мемлекеттік басқармасынан хабарлады.

Орман және аң шаруашылығы комитетінің өртке қарсы күрес қызметі соңғы 10 жылда жаңа техника мүлдем алмау салдарынан автокөлік паркі әбден ескірген болатын. Орман қорғау бөлімінің бастығы Александр Боровковтың айтуынша, "автокөлікті былай қоя тұрып, жабдықтар мен қосалқы бөлшектерге де қаржы тапшы". Семейге әкелінген арнаулы автокөліктер Зил-131 автокөліктерінің негізінде жасалыпты. Оларды Семейге жеткізуге Республикалық орман шаруашылықтарын арнаулы көліктермен қамтамасыз ету жөніндегі ауылшаруашылығы министрлігінен жарияланған тендердің жеңімпазы- Қарағандының "Спец-экспорт" ЖШС мұрындық болды. "Спец-экспорт" ЖШС-нің менеджері Дархан Қалиасқаровтың айтуынша, фирма тамыз айының соңына дейін Семейдегі орман шаруашылықтарын осындай 12 автокөлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Семей Орманы табиғи орман қорығының басқармасы жаңа автокөліктерді шаруашылықтың Жаңа Семей, Кананер және Бегенев орман шаруашылығы филиалдарына үлестіріп берді. Сондай-ақ, Семей Орманы табиғи орман қорығы таяуда 70 көшпелі рациямен және 120 табельдік қарумен қамтамасыз етілген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть