Онкологиялық диспансер басшылығына чекті қалалық мәслихат хатшысы Қайрат Мирашев бүгін салтанатты жағдайда табыс етті. «Мен бұл жұмысты Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ерлан Ыдырысовтың тапсырмасы бойынша орындап тұрмын. Ол өз кезегінде Алабама штатынан шыққан конгрессмен Джордж Боннерден өкілеттік алған», — деді Қайрат Мирашев.
Ол өздерінің ауру қатарластарына көмектесу идеясы америкалық балаларда олар алғаш рет Интернеттен Семей полигонындағы ядролық сынақтар жайлы білген кезде туындаған. «Конгресменнің айтуынша, көмектесуге ұмтылған Мобил қаласының Додж бастауыш мектебінің оқушылары «Монета ракқа қарсы» атты акция ұйымдастырған. Америкалық балалар өз жинақ қобдишаларынан, ақша қорларынан, мектептік таңғы астардан үнемделген, басқа да сол сияқты көздерден ақша жинаған», — деді қалалық мәслихат хатшысы.
Өз кезегінде Тасболат Әділханов америкалық балалар сыйлаған ақша сомасы қатерлі ісіссе шалдыққан балаларды емдеуге жұмсалады. «Бүгінгі күнге дейін Семей аймағында онкопатологиялық тіркеуде 40 бала тұр. Олардың көпшілігі қозғалыс жүйесі және қан айналымының онкологиялық ауруларынан зардап шегуде», — деп хабарлады ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті