Семей қаласының әкімі қысқа мерзімде қаланың бас жоспарын жасауға тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей қаласының әкімі қысқа мерзімде қаланың бас жоспарын жасауға тапсырма берді

Семей қаласының әкімі қысқа мерзімде қаланың бас жоспарын жасауға тапсырма берді

Семей қаласының әкімі Нұрлан Омаров қысқа мерзімде қаланың бас жоспарын жасауға тапсырма берді. Қала салу мәселесіне арналған кеңес жұмысының қорытындысын шығарған әкімшілік жетекшісі тиісті қызметтерге осындай тапсырма берді.

  • 14 Шiлде 2004
  • 639
Фото - Caravan.kz

Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Қалдыбек Қоқилановтың хабарлауынша, Семей қаласының бас жоспары кезінде болған, алайда құрдымға кеткен Кеңес Одағымен бірге оның да күні өтті. Басқарма басшысының айтуынша, қазір қалада жартылай салынған және қирап-бүлінген ғимараттарды жаңғырту жұмыстары жандана бастады. «Жаңа ғимараттар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай күрт көбейді. Бірақ олар біртұтас сәулет стиліне бағынбай, бет алды салынуда». «Проблеманы шешу үшін қаланың жаңа бас жоспары қажет. Қазіргі ең өзекті проблема осы»,- дейді қаланың бас сәулетшісі.

Биыл облыстық бюджеттен қаланың бас жоспарын жасауға 50 млн. теңге бөлінді. Алайда, бұл қаржы жеткіліксіз, толық жоспар жасау үшін тағы да 10-12 млн. теңге қажет, дейді Қ.Қоқиланов.
Қала билеушілері Семейдің бас жоспарын жасауды қаржыландыруға қол ұшын береміз деп уәде етті.
2004-жылдың аяғына дейін республика үкіметі Шығыс Қазақстан облысына құрылыс саласының игілігіне 1 млрд. 300 мың теңге бөледі. Оның жартысы Семейге берілмекші. Қала салу жұмыстары ипотекалық несие негізінде тұрғын үйлер салу, инвестициялық жобаларға сәйкес жеке үйлер салу, коттедж қалашықтарын салу тәрізді бірнеше бағытта өрбиді.