Семей шетіндегі шұрық-тесік жолды көруге шенеунік джиппен келді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей шетіндегі  шұрық-тесік жолды көруге шенеунік джиппен келді

Семей шетіндегі шұрық-тесік жолды көруге шенеунік джиппен келді

Семейдің жолдары соғыс кезіндегі соқпақтарды еске түсіреді. Тегіс жерінен, тесігі көп жолдан шаршаған қала тұрғындары бүгін құзырлы мекеме өкілдерімен бетпе-бет кездесті. Тұрғындар шенеуніктерді бір уақ жылы кабинеттерінен шығып, қала тірлігіне көз салуға шақырған. Себебі, жылдар бойы жөндеу көрмеген көшелерден қоғамдық көлік жүруден қалып, арықтың жоқтығынан қар суынан мұнда аяқ алып жүрудің өзі мұң.

  • 20 Наурыз 2014
  • 315
Фото - Caravan.kz

Семейдің шетіндегі Шығыс ықшамауданының тұрғындары ойқы-шойқы жолдардан әбден мезі болған. Жылы жерде отырып, жұрттың мұң-мұқтажын түсінуден қалған шенеуніктерді бүгін олар әдейі шақырды. Себебі, орталықты тап-тұйнақтай қылып қоятын әкімдік қаланың шет аймақтарына аттап баспайды. Жөндеу көрмегендіктен, мұндағы жолдар соғыс кезіндегі соқпақтарға ұқсап кеткен.   

Қадырхан Ақбаев, Семей қаласының тұрғыны:

-Жылда көретініміз осы. Жаңбыр жауса да осы, әсіресе көктем кезінде! Ана көшеден келіп су ағып, мында келеді. Ағатын жер жоқ.

Адам көргісіз жолдармен қоғамдық көлік те жүруден бас тартып, айналып өтеді екен. Бұл жығылғанға жұдырық болған. Табыс таппай, шығыннан көз ашпаған жүргізушілерге басшылығы да батып ештеңе айта алмай отыр.

Тимофей Горлов, Автобус паркінің инженері:


-Күніне бірнеше көлік сынып келеді. Бұл жермен жүру мүмкін емес. Жүргізушілерді түсінуге болады. Олар да табыстан қағылғысы келмейді.

Ал қымбат джиппен келген әкімнің орынбасары бұл жерден ашуланатындай себеп таппады. Тіпті, биыл мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілмейді деп жауапты келте қайырды.

Асхат Қосжанов, Семей қаласы әкімінің орынбасары:

-Биыл мұнда жөндеу жұмысын жүргізбейміз. Алдымен жобасын әзірлеу керек. Оған бізде қаражат жоқ.

-Биыл жол жөндеуге 1 млрд 200 млн теңге бөлініпті. Ол тек екі көшені толықтай жөндеп, қалғандарының шұңқырын бітеуге ғана жетеді екен. Алайда көшедегі жыртық жамалғанымен, оның тағы қанша уақытқа дейін шыдайтынын тап басып айту қиын.