Семейде 19 жастағы жігіт өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 19 жастағы жігіт өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады

Семейде 19 жастағы жігіт өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады

Семей. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде 19 жастағы жігіт поездың астына түсіп, өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады. Бұл туралы қалалық жедел жәрдем ауруханасынан хабарлады.

  • 11 Қазан 2007
  • 456
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға қаланың сол жақ жағалауында, 14-ші ықшам аудан арқылы өтетін темір жол аумағында болған. Мас күйіндегі 19 жасар жігіт өзін-өзі өлтіру үшін поездың астына түсіп қалған.

Оқиға орнына келген «жедел жәрдем» дәрігерлері жәбірленушінің басынан жарақаттанғанын, желкесінде гематома түзіліп, оң жақ қолын зақымдағанын тіркеді. Қазір жігіт ауыр жағдайда ауруханада жатыр. «Оның оң жақ қолының саусағын кесуге тура келді, бірақ ең бастысы, ол тірі қалды», -дейді дәрігерлер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті