Семейде адасып кеткен бір жарым жастағы қыздың ата-аналары табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде адасып кеткен бір жарым жастағы қыздың ата-аналары табылды

Семейде адасып кеткен бір жарым жастағы қыздың ата-аналары табылды

Семей. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семейде адасып кеткен бір жарым жастағы қыздың ата-аналары табылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қараша 2007
  • 501
Фото - Caravan.kz

Бір жарым жастағы Настяның 18 жасар анасы қызы жоғалып кеткеннен бір тәуліктен соң полицияға жүгінген. «Белгілі болғандай, тойлап отырған олар бала туралы ұмытып кеткен»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта баланың құжаттарына тексеру жүргізіліп жатыр, осыдан кейін қыз анасына қайтарылады.

Бұрын хабарлағанымыздай, 7-қарашада күндіз «Юность» ықшамауданында полицейлер қаңғып жүрген бір жарым жастағы қыз баланы тауып алған. Оны «жедел жәрдем» дәрігерлері қарағаннан кейін, ол балалар емханасына жеткізілген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті