Семейде алапат өрт шығып қаланы қою түтін басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде алапат өрт шығып қаланы қою түтін басып қалды

Семейде алапат өрт шығып қаланы қою түтін басып қалды

Семейде ескі зауыттың ғимараты өртеніп, қою түтін қаланы басып қалды. Кезінде газ блоктарын шығарумен айналысқан кәсіпорын біраздан бері қаңырап, бос тұрған.

  • 17 Маусым 2014
  • 220
Фото - Caravan.kz


Будақтап, көкке көтерілген қара түтін қаланың барлық бұрышынан көрініп тұрды. Мың жарым шаршы метрді шарпыған өртті сөндіруге 15 техника жұмылдырылды. Соның өзінде оны 3 сағатта әрең ауыздықтаған. Шатырдан шыққан от көрші кәсіпорынға да тие жаздапты. Ондағы пластикалық шикізаттардың біраз бөлігі балқып кеткен. Адамдар жапа шеккен жоқ. Әзірге қызыл жалынның неден тұтанғаны белгісіз. Қасақана от қойылуы мүмкін деген болжам да қаралып жатыр.