Семейде Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды

Семейде Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды

Биіктігі үш жарым метр болатын ескерткішті жасауға бюджеттен 32 миллион теңге жұмсалған. Ашылу салтанатына Ұлан Нұрахемт те қатысып келді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Әлихан Бөкейханов – қазақ даласына жүргізілген отаршылдық саясатқа қасқайып қарсы тұрған көсемдердің бірі. Сол кездегі Семей облысы қазақтарының ат?

  • 24 Қыркүйек 2017
  • 502
Фото - Caravan.kz

Әлихан Бөкейханов – қазақ даласына жүргізілген отаршылдық саясатқа қасқайып қарсы тұрған көсемдердің бірі. Сол кездегі Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші мемлекеттік думаға депутат болып сайланғаны да белгілі. Әйтсе де, ол думаның жұмысына көп қатыса алмады. Оған себеп, Бөкейханов ондағы қызметін бастаған сәтте Дала өлкесі генерал-губернаторының жарлығымен 3 ай Павлодар абақтысына қамалған болатын. Сондықтан алаштанушылар оның әлі де зерттелетін тұстары көп дейді.

“Алаштың көсемі болғанымен, үлкен ғалым адам. Сонымен бірге ұлттық саясаттың басында тұр. Яғни, қазақтың елдік идеясының көсемі деп айта аламыз”, – дейді «Алаштану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Тұрдығұл Шаңбай.

Алаш көсеміне арналған мынадай үлкен ескерткіш елімізде тұңғыш рет ашылып отыр. Оның биіктігі – үш жарым метр. Қоладан қашалған мүсінді әзірлеуге және орнатуға жергілікті бюджеттен 31 млн 987 мың теңге бөлінген екен. Ал оны жасату барысында мүсіншілердің байқауы үш мәрте ұйымдастырылыпты. Соны жеңіп шыққан автор Алаш қайраткерінің оң қолына асық ұстатып қоюды жөн көрген.

“Қазақта жақсы сөз бар асық алшысынан түссін деген. Бір қиындық кезінде немесе алыс жол жүргенде, сондай бір маңызды шешім қабылдаған сәтте қазақтар айтқан”, – дейді ескерткіш авторы Бақытбек Мұхаметжанов.


Ал Бөкейхановтың мұндай ескерткішінің Семейге қойылуы да тарихпен байланысты. Өйткені өзі төраға болып сайланған, қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясының іргетасы осы жерде қаланған еді. Сондықтан, Мəжіліс депутаттары мен зиялы қауым өкілдері оны Алаштың астанасы саналатын шаһарда бой көтергені дұрыс деген шешім қабылдаған екен. Айта кетейік, бүгінде ірі қоғам қайраткеріне арналған мүсін Петерборда да бар.

Соңғы жаңалықтар