Семейде аспалы көпір арқылы көлік қозғалысы қалпына келтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде аспалы көпір арқылы көлік қозғалысы қалпына келтірілді

Семейде аспалы көпір арқылы көлік қозғалысы қалпына келтірілді

Семей. 2-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жаңа аспалы көпір арқылы көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің жол полициясы бөлімінен хабарлады.

  • 2 Қараша 2007
  • 565
Фото - Caravan.kz

Қалалық жол полициясы бөлімі бастығының орынбасары Серікқали Жұмановтың ақпараттарына сүйенсек, бүгін таңертең қатарынан үш көлік апаты болып, жеті көлік зардап шеккен. Апат салдарынан жолдарда көліктердің жүруі мүмкін болмай қалған. «Сондықтан оң жағалауға бет алған көліктер ескі көпір арқылы жүруге бағытталған болатын»,- деп түсідіріп өтті С. Жұманов.

Бұрын хабарлағанымыздай, көлік апаттарының бірінде «ГАЗель» жолаушылар көлігі мен автобус соғысқан болатын. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлік апаттарының шығуына қою тұман мен көк тайғақ себеп болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті