Семейде берешегі бар тұрғынның жалғыз теледидары тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде берешегі бар тұрғынның жалғыз теледидары тәркіленді

Семейде берешегі бар тұрғынның жалғыз теледидары тәркіленді

Семейде электр қуаты үшін ақы төлеуден жалтарып жүрген борышкерлермен күрес жүруде. Қазірде қала тұрғындарының электр таратушы мекеме алдындағы қарыз 1 млрд теңгеге жуықтаған.

  • 28 Қараша 2014
  • 230
Фото - Caravan.kz

 — Сен осы үйде өзің тұрасың ба әлде жалдайсың ба?

— Мен бір-ақ жұма болды келгеніме.

— Өз үйің бе?

— Ағамның  үйі.

Бұл пәтер иесі электр энергиясы үшін 25 мың теңге қарыз. Бір жылдан бері жарық ажыратылған. Алайда, борышты өтеуге ешкім асығып жатқан жоқ. Көп ойланбастан қызметкерлер мен сот орындаушысы үйдегі жалғыз теледидарды тәркілеп әкетті. Ал қала орталығындағы бұл коттедж иесі 70 мың теңге қарыз. Алайда, ажыратылған электр сымын өздігінен бірнеше рет тартқаны үшін 1 жарым млн теңге айыппұл салынған екен. Ешбір шара әсер етпегендіктен, энергетиктер мүлікті қойып, енді баспанасын толығымен саудаға шығармақ.


Ермек Қалиақпаров, сот орындаушысы:

-Бүкіл үйін тәркілейміз. Бұл кісіде тек «Шығысэнерготрейд» қана емес, банк бойынша да қарыздары бар. Қаншама рет ескерту  берілді өздеріңіз көріп отырсыздар, есікті ашпайды.