Станция бастығының орынбасары Мәнсия Әукенованың сөзіне қарағанда, оқиға қала саяжайларының бірінде орын алды. «Үйде бес адам болған, бәлкім олар түнге қарай пештің төменгі қақпаған ашпағандықтан, таңата өздерінің уланғанын сезген. Жедел жәрдем қызметін өздері шақыртты», деді М. Әукенова.
Оқиға орнына келген дәрігерлердің тексерулері нәтижесінде бес адамның уланғандығы анықталды. Екі 23 жастағы келіншек облыстық клиникалық токсикологиялық ауруханаға жеткізілді. Ал екі жастағы және 5 пен 10 айлық екі нәресте аурухананың балалар бөліміне жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті