Семейде бір топ жас қала шетінде автокөлік жарыстарын ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде бір топ жас қала шетінде автокөлік жарыстарын ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Семейде бір топ жас қала шетінде автокөлік жарыстарын ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Семей. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Семейде бір топ жас қала шетінде автокөлік жарыстарын ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Семей қалалық ІІБ криминалдық полициясының жеке батальоны бастығының орынбасары Шыңғыс Кәрімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

Шыңғыс Кәрімовтың айтуынша, жол полициясына әуежайға баратын тас жолдың бойында күн сайын түн мезгілінде жастар автокөлік жарыстарын ұйымдастырады деген ақпарат келіп түскен. «Ақпарат расталды. Бұл жерде 100 көлік болған, ал басқа күндері олардың саны одан да артық болатын көрінеді», — деді полицей.

«Жолға бір автокөліктен жасанды кедергі қойып, содан кейін жарысты бастап отырған. Жарысқа екі автокөліктен қатысып отырған. Жарысты тамашалауға келетіндер көп, олар ұзыннан-ұзақ тірі дәліз құрады. Бұның бәрі аса қатерлі», -деді Шыңғыс Кәрімов.

«Жарысқа қатысушы кез-келген жүргізуші көлігін басқара алмай қалуы ықтимал. Техникалық ақау шығуы да әбден мүмкін. Онда оқиға бола қалса, адамдар зардап шегеді», — деді ол.

«Тексеру барысында бірнеше көлік айыппұл тұрағына қойылып, көптеген әкімшілік іс қозғалды», — деді Шыңғыс Кәрімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар