Семейде дауылдан зардап шеккендерге өтемақы берілмеуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде дауылдан зардап шеккендерге  өтемақы берілмеуі мүмкін

Семейде дауылдан зардап шеккендерге өтемақы берілмеуі мүмкін

Семейде дүлей дауылдан көліктеріне ағаш құлаған жүргізушілер өтемақысыз қалуы мүмкін. Себебі, сақтандыру компаниялары талап еткен құжаттарды әкімдіктегілер беруге асықпай отыр.

  • 20 Маусым 2015
  • 375
Фото - Caravan.kz

Мөлдір Аязбаева, Семей қаласының тұрғыны:

-Біз көліктің үстіндегі ағаштарды алып тастайық десек, әкімдіктің беретін анықтамалары ұстап тұр. Сақтандыру компаниясы оны бір апта ішінде әкелуді талап еткен. Егер оны орындамасақ, шығын өтелмей қалады.

Жексенбі күні соққан дауылдан 30-ға жуық көлікке зақым келген болатын. Басым бөлігін бұтақтар басып қалды. Кейбірі әлі күнге дейін тамырымен жұлынған ағаштардың астында жатыр. Сақтандыру мекемелері көліктің нақ сол дауылдан зардап шеккенін растайтын анықтаманы сұрапты. Ал тұрғынүй коммуналдық шаруашылығындағылар кез-келген келген құжатты әзірлеп беруге дайынбыз. Тек өтінішті дұрыс толтыру керек деп отыр.