Жарияланды: 460

Семейде дуалдарға ұлы тұлғалардың портреттері бейнеленіп жатыр

Семейде қаланың қақ ортасындағы дуалдарға қазақтың ұлы тұлғаларының портреттері бейнеленіп жатыр. Бұл жоба жас қылқалам шеберлерінің бастамасы. 

Суретшілер бұл қадамға замандастарының ерсі қылықтарынан ұялғандықтан барыпты. Себебі, басты көшелердегі қабырғаларда жігіт пен қыздардың бір-біріне сезімдерін білдіретін сөздермен қоса бейәдеп сөздер де жазылған. Сондықтан жас суретшілер олармен күресуге білек сыбана кірісті. Әзірге олар Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты арыстардың бейнелерін салыпты. Алдағы, уақытта басқа да тұлғалардың бейнелеп, тұсына олардың ұлағатты сөздерін жазып қоймақ ниетте.  

Жасұлан Құрманғалиев, суретші:

-Біз басқа да тұлғаларды салу ойымызда бар .Мысалы, Ә. Бөкейханов сияқты.     Әзірге осы үш атамызды салдық. Енді, үш атамыздың нақыл сөздерін үш   тілде қабырғаға жазамыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін