Семейде есірткі сатушы құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде есірткі сатушы құрықталды

Семейде есірткі сатушы құрықталды

Семей. 2-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семейде есірткі сатушы құрықталды, одан 4 кг жуық марихуана тәркіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Семейдің Ішкі істер басқармасының есірткі бизнесімен күрес бөліміне сілтеме жасай отырып.

  • 2 Қараша 2007
  • 402
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, 25 жастағы еркек есірткі салынған дорба сатпақ болған кезінде ұсталған. «Есірткі сатушы қалада есірткі сатумен көптен бері айналысатындығы белгілі болды»,- деп түсіндірді есірткімен күрес бөлімінің қызметкерлері.

Есірткімен күрес бөліміндегілердің хабарлауынша, ұсталғанның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 2-тармағы бойынша (есіртік немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату) қылмыстық іс қозғалды.

Бөлім қызметкерлерінің мәліметтеріне сүйенсек, Семейде жыл басынан бері есірткіге байланысты 130 қылмыс тіркелген, оның 74 есірткі сату дерегі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті