Семейде көліктің аударылуы салдарынан екі адам қайтыс болып, біреуі зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде көліктің аударылуы салдарынан екі адам қайтыс болып, біреуі зардап шекті

Семейде көліктің аударылуы салдарынан екі адам қайтыс болып, біреуі зардап шекті

Семей. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қайтыс болып, біреуі зардап шекті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармадан хабарлады.

  • 20 Қыркүйек 2007
  • 388
Фото - Caravan.kz

Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Қаржаубайұлының атындағы көшеде таңертең ерте болған, «Ауди-80» маркалы көлік өте жоғарғы жылдамдықпен жол жиегіне соғылған. «Соның салдарынан көлік аударылып, 26 жастағы жүргізуші атап болған жерде қайтыс болды»,- деп түсіндірді төтенше жағдайлар мекемесінен.

«Көлікте отырған тағы екі жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Оның біреуі екі сағат өткеннен кейін ауруханада көз жұмды»,- деп қосты басқармадағылар.