Жарияланды: 220

Семейде мемлекеттік арнаның жабылуы ұлт жанашырларының түсінбестігін туғызды

Семейде 50 жылдық тарихы бар жергілікті мемлекеттік телеарна жабылғалы жатыр. Өйткені «Қазақстан» телерадиокорпарациясына Шығыс Қазақстан облысында екі бірдей арнаны ұстап отыру қаржылық жағынан қиын соғып тұр екен.

Сондықтан «Қазақстан-Семей» телеарнасын жауып, Өскемендегі филиалды қалдыру жөнінде шешім шығарылыпты. Енді 2016 жылдың 1қаңтарынан бастап ондағы 72 қызметкердің 80 пайызын қысқартпақ. Сонда қалатын он шақты адам облыс орталығындағы арнаға материал дайынтайтын болады. Бұл өзгеріс  қоғам белсенділерінің наразылығын туғызуды. Олар Алаштың астанасы саналатын Семейдегі мемлекеттік арнаны жабу ұлттық идеологияны аяққа таптаумен тең деген пікірде.

Орал Шәріпбаев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице- президенті:

-Біздің білумізше,«Қазақстан» Республикалық ТРК басшылары мен қосшыларының дұрыс идеологияны талдамауынан туындады. Оларға қаражат керек пе?! Бізге идеология керек. Сондықтан біз қарсымыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін