Семейде өрт кезінде әйел адам тірідей жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде өрт кезінде әйел адам тірідей жанып кетті

Семейде өрт кезінде әйел адам тірідей жанып кетті

Өрт дәлізден басталған, сондықтан марқұм үйден шыға алмай қалған.

  • 12 Ақпан 2018
  • 221
Фото - Caravan.kz

Қайғылы жағдай Семейдегі жеке үйлердің бірінде болған. «Восточный» кентіндегі «Восточный» көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шығып, ондағы 61 жастағы әйел жанып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт кешкі сағат 22:00-де шыққан. Көршілер өз күштерімен әйелді құтқару үшін терезені сындырған, кейін өрт сөндіру қызметін шақырған. Алайда, белгілі болғандай, ауа ағыны өртті өршітіп жіберген. Өрт сөндірушілер хабар түскеннен кейін оқиға орнына 5 минуттың ішінде барған, алайда әйелге көмектесу мүмкін болмаған. Ол өрт кезінде тірідей жанып кеткен.

Өрт 57 шаршы метр жерді шарпыған. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер үйден жарылып үлгермеген газ баллонын алып шыққан. Өрт сағат 22:57-де сөндірілген.


Қаза тапқан әйел демалыста, үйінде жалғыз жүрген, ал жұбайы болмаған.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, өрт дәлізден басталған, сондықтан марқұм үйден шыға алмай қалған. 

Соңғы жаңалықтар