Семейде педагогикалық колледждің үш студенті уланып ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде педагогикалық колледждің үш студенті уланып ауруханаға жеткізілді

Семейде педагогикалық колледждің үш студенті уланып ауруханаға жеткізілді

СЕМЕЙ. 11-сәуір. Kazakhstan Today. Семейде педагогикалық колледждің үш студент қызы уланып ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлады.

  • 11 Сәуiр 2007
  • 531
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар басқармасының анықтағанындай, бірінші курста оқитын үш студент қыздың улануына дәріс оқитын залда газ баллонынан шашылған газ себеп болған. «Орташа ауыр деңгейде уланған қыздар ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың жағдайы тұрақтанды», деп хабарлайды басқарма.

Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, 11 сағат шамасында тері бұйымдары мамандарын дайындайтын колледжден басқармаға үш студент қыздың талып қалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқыс оқиға орнына келген құтқарушылар зардап шеккен студент қыздардың педагогикалық колледжде оқитынын анықтады. «Олар тері бұйымдары мамандарын дайындайтын колледжде сабақта болған»,- дейді басқармадағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті