Мәселен, тұрғын үйлерге жақын жерде қоқысты тонналап төгіп жатқан мына КАМАЗ-дың үстінен түсу үшін тәртіп сақшылары біраз уақыт аңдыған. Ешқайда қашып құтыла алмайтынын білген азамат бұл тапсырушының бұйрығы деп ақталды. Полицейлер бірнеше күннің ішінде қоқысты заңсыз төккен осындай 10 жүк көлігін анықтаған. Қолға түскен көлік иелері қаладағы жалғыз полигон алыста орналасқандықтан әрі бағасы тым қымбат болғандықтан осылай амалдап жүрген сыңайлы. Қалай дегенмен ақыры қоқысты сол полигонға апаруға тура келді. Егер заңсыз әрекетін тағы қайталаса айыппұлдың көлемі еселеп кететіні ескертілді.