Семейде полиция ұрыларды қулықпен ғана қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде полиция ұрыларды қулықпен ғана қолға түсірді

Семейде полиция ұрыларды қулықпен ғана қолға түсірді

Семейдің ұрылары бірнеше айдан бері автокөлік иелерін зар илетіп келген. Сұғанақтар біраз уақыттың ішінде 20-дан астам машинаны тонап үлгеріпті.

  • 4 Маусым 2014
  • 189
Фото - Caravan.kz


30 бен 36 жастағы жұмыссыз жігіттер Семейдің әр бұрышында қаңтарылып тұрған көліктерді аңдып жүріп, ішіндегі заттарды құшағына сыйғанша көтеріп кетіп отырған. Екі ай бойы тәртіп сақшыларына ұстатпай, біраз түлкібұлаңға салыпты. Кейін оларды алдап қолға түсіру үшін, қаланың бірнеше жеріне иесіз машиналар қойылды. Көп ұзамай, солардың бірін тіміскілеп жатқан күдіктілер қақпанға түсіп, қолдарына кісен салынған. Үйлеріндегі ұрланған заттардың арасында доңғалақтан бастап аккумуляторға дейін бар. Аз уақыт ішінде олар осылайша 1 млн теңгенің мүлкін қолды қылған.