Семейде өткен «Заң керуені» шарасы аясында прокуратура қызметкерлері түрлі мәселеге тап болғандарды арнайы қабылдады. Мектеп ғимаратын қабылдау орны ретінде пайдаланған қызметкерлер тұрғындарға заңды түсіндіріп, ақыл айтып кеңес беруде. Прокурорлармен тілдесуге кісі көп келіпті. Тек осындай бір-ақ жерде 100-ден астам азамат өзін мазалаған өзекті сауалдарға жауап алған. Жалпы облыс бойынша өтіп жатқан осындай шараға прокуратураның 80 қызметкері қатысуда. 27 топқа бөлінген олар шалғайдағы ауылдарға да барғалы отыр. Қабылдауға келе алмайтындардың үйіне өздері кіріп шықпақшы.
Тәжиден Найманов, Семей қаласының прокуроры:
-Түсіп жатқан сұрақтар жедел шешілетін болса, сол орында шешіледі. Егер тексеру керек болса, арыз алып, кейін тексеріс өткіземіз. Нәтижелерін кейін айтып отырамыз.