Семейде қалалық бағыттарда қызмет көрсететін 10 жуық автобус екі тәуліктен бері желіге шыққан жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде қалалық бағыттарда қызмет көрсететін 10 жуық автобус екі тәуліктен бері желіге шыққан жоқ

Семейде қалалық бағыттарда қызмет көрсететін 10 жуық автобус екі тәуліктен бері желіге шыққан жоқ

Семей. 9-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде қалалық бағыттарда қызмет көрсететін 10 жуық автобус екі тәуліктен бері желіге шықпай отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне жолаушылар тасымалы басқармасының қалалық орталығының заңгері Лала Бекбосынова хабарлады.

  • 9 Қазан 2007
  • 523
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараттарына сүйенсек, қаланың үш кәсіпорыны — «Азия Комби», «Ман и Г» және «Семавтопарк» ЖШС жол ахуалының нашарлығына байланысты желіге үлкен автобустарды шығарудан бас тартқан. «Қазір орталық көшелірдің бірі болып табылатын және де көліктердің негізгі ағымы өтетін Қабанбай батыр көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған байланысты автобустар жолдары бұзылған тар көшелермен жүруге мәжүбүр, олар жолаушылар тасымалдауға мүлдем қолайсыз»,- деп түсіндірді Л. Бекбосынова. «Манн» сияқты үлкен автобустар тез бұзылады. Тек бір күн ішінде осындай бірнеше автобус істен шыққан»,- деп қосты ол.

Осыған байланысты үш автобус паркінің басшылары аталмыш бағыттар бойынша жүруден бас тартып, бұл туралы Семей әкімшілігіне ресми түрде хабарлаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті